Жаңалықтар

Актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызына кореялық азаматтың қанын құйды

Актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызына кореялық азаматтың қанын құйды
Фото: instagram.com/danagultemirsultanova / instagram.com/aiymsm 30.11.2023 11:47 11993

Отандық актриса Айым Сейтметова «Мамский әңгіме» подкасына барып, басынан өткен қиын кезең туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актрисаның сөзіне қарағанда, ол қазіргі жолдасымен танысқан соң арада екі апта өткенде әпкесімен Кореяға аттанған. Себебі әпкесі емделуі керек болған екен, алайда жоспарының күл-талқаны шығып, аяқ астынан Айымның өз денсаулығы сыр беріп, операция жасау қажет болады. Сол кезде қазіргі күйеуі қатты көмектесіп, ерекше қолдау көрсеткен екен. «Оған тұрмысқа шығатынымды сол кезде түсіндім» дейді актриса.

Аяқ астынан денсаулығым сыр беріп, ауруханаға әпкем емес, өзім жатып қалдым. Дәрігерлер операция жасау керек деді. Ал оның құны 50 мың доллардай тұратын, менде ондай ақша болған жоқ, дегенмен әріптестерім, Талғат жан-жақтан іздеп, тез арада тауып берді, бірақ дәрігерлерді операцияны Алматыда жасатуға көндірдім. Жауапкершілікті өз мойныма аламын дедім. Ұшақта Талғат тамақтандырып, қолдау көрсетті. Әйтпесе Кореяға аттанардан екі апта бұрын ғана танысқанбыз. Сол кезде мен оған күйеуім ретінде қарай бастадым, - дейді Айым.

Актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызына кореялық азаматтың қанын құйды
Видеодан алынған кадр

Актрисаның айтуынша, ішіне қан кетіп, гемоглобині түсіп кеткен. Сол кезде кореялықтың қанын құйып, аман қалыпты.

Ішіме қан кетті, гемоглобинім қатты түсіп кетіпті, ал ол іштегі жараның бітуіне әсер етеді екен. Ол жақтағы дәрігерлер маған бір кәрістің қанын құйды. Негізі жара ұзақ бітуі мүмкін деген, ағзам жас болғандықтан ба, процесс жылдамырақ жүрді. Бірақ бастапқыда аяғы ауыр әйел секілді жүрдім. Қайта-қайта жалынып жүріп, операцияны Алматыда жасататын болып келістік, өлсем де өз жауапкершілігім деп қолхат та жазып бердім. Елге келген соң бірден операция жасаттым. Кореяда 50 мың доллар тұрған операцияны Алматыда 160 мың теңгеге жасаттым, - деді ол.

Айта кетейік, Айым Сейтметова – еліміздің өнер жұлдыздарының отбасында дүниеге келген. Ол актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға