Жаңалықтар

Ақтоғайдан түлеп ұшқан ақиық

Ақын
Ақтоғайдан түлеп ұшқан ақиық
31.03.2017 11:04 7135

Сарыарқаның төсіндегі Ақтоғайдай ғажап мекенде  Алаштың біртуар  арыстары Әлихан Бөкейханов,  Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сынды қазақтың бетке ұстар ай маңдайлы серкелері дүниеге келген. Әсет Найманбаев пен Күләш Бәйсейітова, Манарбек Ержанов сынды күміс көмей әншілер, Аққыз Ахметқызы мен Мағауия Хамзиндей ғажайып күйшілердің кіндік қаны тамған  киелі жерде Шабанбай, Қараменде, Сана би сынды аузымен құс тістеген небір  дүлдүл шешендер қара сөзден қаймақ ағызып,ел абызы атанған. Одан бергіде Жеңіс Қашқынов, Абзал Бөкен, Серік Ақсұңқарұлы сияқты айтулы ақындарымыздың соңынан «жаңа үйреткен жас тұлпардай» болып, Серік Сағынтай, Бағдат Мүбәрак, Ілияс Мұқайдай ақындарымыз поэзия әлеміне өзіндік бір қайталанбас әдемі ерекшелігімен  енді. Осынау киелі  ақындықтың туын мықтап ұстап, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясында ойып тұрып орын алған ақындарымыздың бірі – менің атам Дәуітәлі Стамбеков.

1947 жылы Ақтоғай ауданының Басқаратал ауылында дүниеге келген  Дәуітәлі Стамбеков 1974 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіріп, тілші болып қызмет атқарған. 1976-80 жылдары «Қазақстан пионері» газетінде бөлім меңгерушісі, 1984-1987жылдары «Жазушы» баспасында редактор, 1989- 1993 жылдары Қазақ теледидарында редактор, 1993-1997 жылдары «Егемен  Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті.

1965 жылы ақынның алғашқы өлеңдері жарық көріп, 1974 жылы жас ақындардың «Қанат қақты»  жинағына өлеңдер топтамасы енеді. Дәуітәлі Стамбеков «Алтын бесік», «Нұрлы әлем», «Революцияға рахмет», «Қызыл бидай», «Бұлақтар даланы аңсайды», «Бір күндік сәуле», «Жұмағым мен Тамұғым», «Бір тамшы ғұмыр», «Ғұмырымның баяны»  атты өлең кітаптарының, «Дəуітəлі Стамбеков» шығармалары атты 2 томдық кітаптың авторы болуымен қатар, Азия, Африка, Солтүстік  Кавказ  елдерінің, орыс, украин ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған шебер аудармашы болды.

Американдық ақын Петр Оресиктің «Определение» (1997) атты жыр жинағын, канадалық қазақ ақыны Бақыт Кенжеевтің « Возвращение» (1997), финн Юкка Әдеби сын, қазіргі поэзия жайлы біраз еңбектері жарыққа шықты. Дәуітәлі Стамбеков – «Жалын» баспасы мен Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялаған жабық байқаудың бірнеше дүркін жүлдегері. Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай өткен жыр мүшәйрасының жеңімпазы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегері.

2002 жылы  Қарағанды облысы, Ақтоғай  ауданындағы Қаратал ауылының   негізгі  мектебіне Дәуітәлі Стамбековтың аты берілген.

Аяжан Мадибекова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға