Жаңалықтар

Актер Жахан Отарғалиев белгісіз сырқатқа шалдыққанын мәлімдеді

Актер Жахан Отарғалиев белгісіз сырқатқа шалдыққанын мәлімдеді
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev 28.12.2023 14:24 1650

Танымал актер Жахан Отарғалиев біраз уақыттан бері сырқаттанып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Актер әлеуметтік желіге достарынан көңілі қалып жүргенін жазыпты. Кімнің дос екенін білу үшін өмірде бір құлап алудың да пайдасы барын айтады. Қазіргі уақытта сырқатына байланысты жұмыстан да қол үзген. 

Соңғы айларда денсаулығым сыр бере бастады. Бұл дертіме Қазақстаннан да, Қытайдан да ем таба алмадым. Дәл қазір қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтаттым. Енді осы аурудың емін іздеп Ыстамбұлға бара жатырмын,  - деп жазды актер.

Еске салайық, актер тамыз айында үш жыл некеде болған әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға