Жаңалықтар

Актер Қайрат Әділгерей балаға уақыт бөлудің қаншалықты маңызды екенін айтты

Актер Қайрат Әділгерей балаға уақыт бөлудің қаншалықты маңызды екенін айтты
Фото: Әлеуметтік желі 16.03.2025 17:49 233

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Баламды Америкаға ұшырып, шығарып салғанда кеудеме өксік толып, мені өкініш биледі. Шешесі екеуміз далада бақырып жылап жүрміз. Сонда бала бүлініп кетеді-ау, шалыс басады-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ер бала болғаннан кейін өмірге өзі бейімделуі керек қой… Баланың маған дегенде көңілі тоқ болып, кетіп бара жатыр ма? Міне, мәселе қайда? Ойланып отырсам, әкесі бола тұра баламмен бірге уақыт өткізген кездерім есіме түспейді екен. Бала қайда барады?!, – деді ол.

Қайрат Әділгерей артынан осы жайында әлеуметтік желіге ойын бөліскен.

Сол кезде «өкініп қалмаңыздар» деген едім. Біз әке тәрбиесі дегенде, нақыл сөз айтып, тәлім-тәрбие беру керек деп ойлаймыз. Жоқ, балаңмен ойнаудың өзі жетіп жатыр. Ешқандай тәрбие бермей-ақ, тек уақыт бөлші, – деді әртіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға