Жаңалықтар

Ақшамызды қалай үнемдейміз?

Керек кеңес
Ақшамызды қалай үнемдейміз?
01.02.2017 11:12 7633

Өзіңіздің күнделікті шығындарыңызды жазуға бір дәптер арнаңыз. Күн сайын 1 теңге жаратсаңыз да, миллион теңге жұмсасаңыз да, бірін қалдырмай жазып отырыңыз. Әрине, алғашқыда бұл әдіс сізге ұнамауы мүмкін. Бірақ, уақыт өте келе бұған да үйренесіз. Психологтар бұл әдістің сіздің ай сайынғы шығындарыңызды айтарлықтай азайтатынын айтады.

Бір аптадан кейін дәптерді тексергенде, сіз босқа жұмсалған ақшаңызды көріп таңырқауыңыз мүмкін. Бұл сізді ақшаны үнемдеуге үйретеді. Арада бір ай уақыт өткенде дәптерді бастан-аяқ қарап, кірістер мен шығындарыңызға талдау жасаңыз.

Үнемдеу жолдары

  • Үйден шығар алдында сатып алатын заттардың тізімін жасап алыңыз.
  • Несиеге зат алудан бас тартыңыз.
  • Жалақы алған күні сауда-саттық жасамағаныңыз жөн. Себебі, психологтар адамның жалақы алған күні өзін әлемдегі ең бай адам сезініп, қалаған нәрсесін ойланбастан алуға ұмтылатынын анықтаған.
  • Дүкендерде заттың ақысын қолма-қол төлеуге дағдыланыңыз. Пластикалық карталар адамның ақшаны үнемдеуіне кедергісін тигізеді. Онымен салыстырғанда, қолыңда тұрған ақшамен қоштасу қиынырақ.
  • Аяқ астынан бір нәрсе сатып алуға құлшынсаңыз, асықпаңыз. Ертең де күн бар.
  • Cән қумаңыз. Өзіңізде iPhone 6 болса, ол ескірмей тұрып, iPhone 7 алуға асығудың не қажеті бар?
  • Қарныңыз аш кезде азық-түлік алмаңыз! Өйткені, аш тұрғанда сіз өзіңіз жейтін мөлшерден екі есе көп тамақ сатып аласыз.
  • Дайын тағамдарға жиі тапсырыс беріп әуестенбеңіз.
  • Бөлмеден шығып бара жатып, жарықты сөндіре жүріңіз. Тамақты қалдырмай жеуге тырысыңыз. Желінбей қалған асты тастамаңыз.

 

Қандай жағдайда ақшаны үнемдемеген дұрыс?

Өзіңді жетілдіру жолында (білім, ғылым, өнер, дене шынықтыру және т.б.)

Тәтті тоқаш пен пайдалы кітап қатар тұрса, ақшаңды кітапқа жұмса!

Денсаулық

Адамның ең басты байлығы – денсаулық. Арзан дәрі-дәрмек алып, үйден емделгенше, дәрігерге барып, бастан-аяқ тексерілгеніңіз жөн. Денсаулығыңыздан ешқашан ақша аямаңыз!

     Дене күтімі

Бет-аузыңызға, денеңізге жағатын түрлі косметикалық заттардың сапасына мән беріңіз! Сапасыз дүние денсаулыққа зиян әкелетінін мен айтпасам да білесіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға