Жаңалықтар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізілді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізілді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.07.2024 23:00 638

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жоғарыда аталған Заңдардың мәтіндері алдағы уақытта баспасөзде жарияланатын болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға