Жаңалықтар

Әкіммен кездесуден келген көпбалалы ана өзіне қол cалды

Әкіммен кездесуден келген көпбалалы ана өзіне қол cалды
Фото: © Depositphotos.com 05.01.2024 09:42 26893

Жетісу облысында төрт баланың анасы әкіммен кездесуден кейін өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

35 жастағы Балжан Өзбекова аспириннің он қорабын ішіп қойған, құрбысы 28 желтоқсан күні ауруханаға апарғанмен, бір күннен соң көз жұмған. Ал марқұмның енесі әкім үйлеріне полиция жіберіп жағдайды ушықтырғанын айтып отыр. Ақсу ауданы әкімі  Берік Тынышбаев Балжанның өліміне еш қатысым жоқ дейді.

Ол кабинетіме кіріп келіп, дәрінің бос қағаздарын столыма тарсылдатып қойды. Өлгісі келетінін айтты. Аузына келгенді айтып, есікті тарс жауып шығып кетті. Мен полиция шақырып, оны табуды сұрадым. Сенбесеңіздер бүкіл жағдай камерада жазылып қалды, - дейді әкім.

Марқұм болған келіншектің он айлық баласы Айбол 5 күн ана сүтін ішпей ауырып, ауруханаға түскен.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға