"Әкімге ризамыз!". Қызылорда тұрғындары аймақ басшысына алғыстарын жаудырды
Қызылордада тұрғындар облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауына барып, айтқан мәселелерінің тез арада шешім тапқанын айтып, ризашылығын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың бірі қаладағы Хангельдин көшесінің жайын айтып, 29 маусым күні әкімнің қабылдауына кірген. Уәде берген басшысы сөзінде тұрып, көшеге асфальт салуға ұйытқы болған көрінеді.
Біз тұйық көшеде 4-5 үй тұрамыз. Біршама уақыт бұрын Нұрлыбек Машбекұлының қабылдауына келіп, көше тұрғындарының атынан өтініш айттым. Көшемізге асфальт төсеп беруді сұрадым. Аймақ басшысы сол жерде менің мәселемді қарастыруды қала әкіміне тапсырды. Қала әкімі шілде айында жөндеуге уәде берді. Сол уәде бойынша көшемізге асфальт төселді. Бәрінен бұрын балаларымыз мәз! Бұрын әсіресе, қарлы-жаңбырлы күндері көшеден өту мүмкін емес еді. Басшыларымызға ризамыз. «Әкім бол, халқыңа жақын бол», - деген осы», - дейді қала тұрғыны Сұлу Ибрашқызы.