Жаңалықтар

Әкімдіктерге 700-ден астам ескерту берілген

Әкімдіктерге 700-ден астам ескерту берілген
Фото: t.me/KZgovernment 15.04.2025 10:34 281

Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жазда құрғақшылық болатынын, осыған байланысты өртті ерте анықтауға басты назар аударылып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, кейбір әкімдіктерге өрт қауіптілігі кезеңінің дайындығын тиісті деңгейде жүргізбеуіне байланысты 700-ден астам ескерту берілген.

Мобильді топтар күнделікті рейдтер жүргізуді жалғастыруда. Нәтижесінде 475 бұзушылық анықталды. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жазда құрғақшылық болады, шөп қалың өседі. Осыған байланысты жоғары өрт қауіп-қатері сақталады. Қазіргі уақытта министрлік командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Былтырғыдай өрт ошақтарының алдын алуға, өртті ерте анықтауға басты назар аударылып отыр, – деді Кеген Тұрсынбаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы Павлодар облысы мен Абай облысындағы екі ірі орман өртін сөндіруге министрліктің күштері мен құралдарын жөнелту жүзеге асырылып, оларды уақтылы жою мүмкіндігі берілгенін айтты.

Елде барлығы төрт жүзге жуық өрт сөндіру бекеті жыл бойына жұмыс істейді. Олардың құрылуын жергілікті атқарушы органдар жалғастыруы қажет. Министрлік оларға 185 бірлік өрт сөндіру техникасын беруге дайын, – деді төтенше жағдайлар вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға