Жаңалықтар

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
Фото: Коллаж El.kz 07.09.2023 11:45 4158

«Қаңтар оқиғасынан» кейін еліміздің саяси аренасында біраз өзгерістер болды. Соның ішінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың да басшылары ауысты. Осы ретте El.kz ақпарат агенттігі әкімдіктен кеткен соң, жоғары лауазымға ие бола алмаған әкімдерге тоқталып өтті.

Архимед Мұхамбетов (Қостанай облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
kostanay.gov.kz

Ол 2011 жылдан бері 2 бірдей облысты басқарды. Алдымен, 2011-2015 жылдары Ақтөбе, 2015-2022 жылдары Қостанай облысын басқарды. Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 желтоқсанында Мұхамбетовті қызметінен босатты. Содан бері ол билікте жоқ.

Өмірзақ Шөкеев (Түркістан облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
Түркістан облысының әкімдігі

Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облысын және Астана қаласының әкімі болған Өмірзақ Естайұлы соңғы жылдары жаңадан құрылған Түркістан облысының тізгінін ұстаған еді. Былтыр тамызда Кентау қаласы әкімі Дәурен Махажанов парамен ұсталған ол өз еркімен отставкаға кетуге арыз жазды. Сосын 31 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

Бұдан кейін Шөкеев саяси қызмет алған жоқ.

Ондасын Оразалин (Ақтөбе облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
gov.kz

Өмірзақ Шөкеев пен Ондасын Оразалин бір күнде әкімдік кресломен қош айтысты.  Ол Ақтөбе облысын 3,5 жыл басқарды. Бұдан кейін Оразалин Үкіметте лауазымға ие болмады.

Бақытжан Сағынтаев (Алматы қаласы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
primeminister.kz

Ұзақ жыл премьер-министр, министр, бірнеше облыста әкім болған Бақытжан Сағынтаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін жылы орнынан жылжыған еді. Қазір Үкіметтің құрамында болмаса да, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ алқа мүшесі болып еңбек етіп жүр.

Гүлшара Әбдіқалықова (Қызылорда облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
gov.kz

Облыс басқарған тұңғыш әйел әкім ретінде тарихта қалған Гүлшара Әбдіқалықова былтыр 7 сәуірде қызметінен кетті. Одан кейін ірі саяси лауазымға ие болған жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі ретінде еңбек етіп жүр.

Даниал Ахметов (Шығыс Қазақстан облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
instagram.com/danial.akhmetov.official

Даниал Кенжетайұлы 30 жылдан астам саяси элитада жүрген адам. Билікте премьер-министр дәрежесіне дейін көтерілді. Тіпті, зейнет жасынан асқанша әкім болды. Биыл 16 маусымда өкілеттік мерзімі аяқталып, мемлекет басшысының жарлығымен қызметімен қош айтысты.

Әбілқайыр Сқақов (Павлодар облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
politic.kz

Былтыр 27 қарашаға қараған түні  Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласы жылусыз қалды. Осыдан кейін облыс әкімі қызметінен босатылды. Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері басқарды. Қазіргі кезде ешқандай қызметте емес.

Ғали Есқалиев (Батыс Қазақстан облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
gov.kz

Облысты 2019 жылдың маусымынан бері басқарған 53 жастағы Ғали Есқалиев былтыр желтоқсан айында кеткен еді. Кезінде әкесі де әкім болған Есқалиев әзірге жаңа қызметке кіріспеді.

Махамбет Досмұхамбетов (Атырау облысы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
Атырау облысының әкімдігі

2019 жылдың желтоқсан айынан  2022 жылдың 7 сәуіріне дейін Атырау облысын басқарған Махамбет Досмұхамедов қазір ешқандай саяси қызметте емес.

Алтай Көлгінов (Астана қаласы)

Әкімдіктен кеткен соң саяси лауазым алмаған шенеуніктер
instagram.com/altay_kulginov_official

Алтай Көлгінов Астана әкімдігінен премьер-министрдің орынбасарлығына ауысқан. Бірақ Көлгінов бұл орында көп отырмады. Маусым айында жылы орнымен қоштасты. Одан кейін әзірге саяси қызметке тағайындалмады.

Облыс басқарғандардың арасында Бердібек Сапарбаев биыл дүние салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға