Жаңалықтар

Әкімдік Астанадағы LRT пойыздарының нобайын көрсетті

Әкімдік Астанадағы LRT пойыздарының нобайын көрсетті
Фото: City Transportation Systems 27.02.2025 14:12 135

Қытайдың Таншань қаласындағы «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауыты Астанадағы LRT пойызы үшін 19 вагонды құрастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«City Transportation Systems» компаниясы вагондардың нобайын көрсетіп, оларды сипаттаған. Дереккөзге сүйенсек, бір вагонның ұзындығы 60 метр. Олардың есіктері автоматты түрде ашылып, автоматты түрде жабылады. Дереккөз таратып отырған суреттерге қарасақ, LRT вагондарының сырты көк түсті болады. Салоның іші сары түсті, орындықтары. Вагондағы орындықтар былғарыдан жасалады екен.

Әкімдік Астанадағы LRT пойыздарының нобайын көрсетті

Астана қаласының климатын ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнекті буландырмайды. Жазда кондиционер жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға