Жаңалықтар

Әкімдерді сайлау халықтың билікке сенімін арттырады - сарапшы

Әкімдерді сайлау халықтың билікке сенімін арттырады - сарапшы
Фото: Жеке мұрағат 05.11.2023 14:00 10878

Саясаттанушы Мурад Шамилов әкімдерді тікелей сайлау "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру құралы ретінде қолданылып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қызметке кіріскен сәттен бастап Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси жүйені тұрақтандыру бағытын жариялады. Мемлекет басшысы билік пен халық арасындағы диалог үшін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынды және табысты іске асыруда.  Ауылдардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін кезең-кезеңімен тікелей сайлау -  бұл халық пен билік үшін елеулі сын-тегеурін. Бұл тек сенімділікті арттырады және халық пен мемлекет арасындағы алшақтықты азайтады.  Өткен сайлау Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі, ауқымды өңірлік сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудің жаңа практикалық тәжірибесін жинақтау үшін негіз болды,- деді ол. 

Оның пікірінше, әкімдерді тікелей сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарды толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімдердің халық алдында есеп беруін күшейтуге, әкімнің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әкімдерді сайлау азаматтар үшін өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал етудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Олар мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеуінің жаңа ұзақ мерзімді қағидаттарын қалыптастырады, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатын сапалы өзгертеді, - деді саясаттанушы.

Айта кетейік, 2021 жылы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы сайлауы өтті, ал 2023 жылы аудан әкімдерінің алғашқы сайлауы өтті. Екі жыл ішінде ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың 1 668 әкімі сайланды. Оның 75% - саяси партиялар ұсынылды, қалған 25% - өзін-өзі ұсынушылар. Сондай-ақ, сайланған әкімдердің 57,4%-ы бұрын бұл қызметте жұмыс істемеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға