Әкімдер сайлауы: 249 адам өз кандидатурасын ұсынды
Пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдер сайлауына 45 лауазымға 249 үміткер ұсынылған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орташа бәсекелестік бір орынға, дәлірек айтқанда, 5,53 адамнан келеді.
Ең жоғары бәсекелестік – 9 үміткер. Олар – Курчатов ауданы, Абай облысы Жуалы ауданында, Жамбыл облысы Кебұлақ ауданында, Жетісу облысы Бәйдібек ауданында, Түркістан облысында 9 адамнан әкім лауазымына үміткер. Ең төмен бәсекелестік бір орынға – 3 үміткер. Бұл Ақмола облысы Жақсы ауданында, Атырау облысы Исатай ауданында, Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданында, Қостанай облысындағы Алтынсарин, Денисов және Қарабалық аудандарында. Кандидаттарды ұсыну тәсіліне келетін болсақ, саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына алды, сонымен қатар өзін өзі ұсыну құқығы да болды. Ұсынылған барлық кандидаттардың 64 пайызға жуығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды, – деді Константин Петров.
Петровтың айтуынша, Қазақстанда тіркелген барлық 7 саяси партия өз кандидатурасын ұсынды. Әр өңірлерде олардың белсенділігі де әртүрлі болды.
Ұсынылған кандидаттардың орташа жасы – 47 жас. 35-55 жас аралығындағы кандидаттардың саны басым болған. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ең жасы үлкен кандидат – 62 жаста. Ең жасы кіші кандидат Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданында – 27 жаста. Кандидаттардың басым бөлігі ер адамдар.
Кандидаттардың 63 пайызы мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызметкерлер арасынан үміткерлер ең көп күтілген болатын, бірақ 15 пайызға жуығы коммерциялық құрылымдардың өкілдері. 10 пайызға жуығы бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, олар мемлекеттік қызметкерлер емес. Сонымен қатар 7 пайызы уақытша жұмыс істемейтін азаматтар, – деді Петров.
Кандидаттардың 21 пайызы – экономистер, 20 пайызы заңгерлер, 15 пайызы педагогтер, 13,6 пайызы инженерлер. Сондай-ақ әрбір оныншы кандидаттың ауыл шаруашылық саласында білімі бар.