Жаңалықтар

Әкім 10 жыл бойы әйелін ұрып-соққан: Атырауда қызметтік тексеріс басталды

Әкім 10 жыл бойы әйелін ұрып-соққан: Атырауда қызметтік тексеріс басталды
Фото: Видеодан кадр 17.05.2024 15:21 2113

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың бұрынғы әйелі он жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, видео жариялады. Осы мәлімдемеден кейін облыстық әкімдік қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің үндеуіне қатысты ақпарат: бұған дейін А. Умебкалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбеген. Белгілі болып отырған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс биыл ақпан айында сотқа тапсырылғанын хабарлады.  

Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша қозғалған. Келесі сот отырысы 29 мамырға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының тұрғыны Ақмарат Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Бұрынғы жұбайы оны он жыл бойы ұрып келген, ал бір жыл бұрын балаларын заңсыз тартып алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға