Жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ САЛАСЫНДА

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ САЛАСЫНДА
29.08.2014 12:21 4221

Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым.

Ахмет Байтұрсынұлы мəдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасы тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым.

Күрделі болғанда, ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы.

Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмірдің қай саласында да өз пікір-толғамын, бағыт-бағдарын білдіріп келеді. Осыншама сан қырлы қызметін жазған еңбектері арқылы жалпылама тізбелеп жеткізуге болар, бірақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де мəдениетімізге орасан еңбек сіңірген адам ер жасы елуге келіп отырған шағында, біз оның қазақ əдебиеті мен халық ағарту істері саласындағы қайталанбас қызметін атап өтуге өзімізді парыздармыз деп санаймыз.

Ахаңның асқан ағартушылық жұмысын «Маса» атты кітабының басында келтіретін Қожанасыр былай деп сұрайды:

«Сендер менің не айтқалы тұрғанымды білесіңдер ме?». Халық:

«Білмейміз», – деп айғайлайды. Сонда Қожа: «Білмесеңдер не- сін айтамын», – деп түсіп кетеді. Халық тарап кетеді. Келер жолы жұрт Қожаның қойған сұрағына, оның не туралы айта- тынын білетіндіктерін айтса, ол, білетін болсаңдар несіне айта- мын деп кетіп қалады. Қауым амалсыз тағы тарасады. Үшінші жолы, жұрт жартысы білетінін, жартысы білмейтінін жеткізсе, сонда Қожа: «Білетіндерің білмейтіндерге үйретіңдер», – деп

тағы  ештеңе  айтпайды.  Осы  екі  ауыз  сөзде  Қожанасырдың барлық ойының түйіні жатыр.

Ахаң Қожаның осы бір əпенділігін кітабында тегіннен-те- гін келтірген жоқ. Шындығында да, Ахаң өзінің бүкіл саналы өмірін сарып еткен қазаққа өзі білген нəрсесін ұтымды жеткізуден жалықпады. Сол үшін жанын сала тер төкті. Сондықтан да болар, оның еңбегінің өнімді жағы ағарту алқабында.

Осыған дейін ел ішінде оқу-ағарту ісіне дəл Ахмет Байтұрсынұлындай еңбек сіңірген ешкім жоқ.

Оның мəдени-ағартушылық қызметі ашық та айқын; егер біз əдебиетіміздің тарихына, тағдыр-талайына қатысты ең сорақы жағдайды еске түсірсек, ол ауыр да азапты күй екінші Николай құлағанша болды. Соның зардабы біздің ұрпақ санасында əлі де сезіледі.

Қалай ұмытайық, бəрі де біздің есімізде. Сорымыздың зоры ана тілімізде оқып, білім алудың тұтқасы дүмше молдалардың, қашқындар мен Хиуадан, Қарақалпақтан, Бұқарадан, Түркістаннан, Қазаннан, Сейітшілдер тобы мен Стерлимақтан ақ шалмадан басқа түгі жоқ келімсек оқымыстысымақтардың, шəкірт тəрбиелеудің қарапайым жөн-жосығын да білмейтіндердің тізгінінде кеткені еді. Олар балаларды соқыр сеніммен арбап, діни ілімге оқытып, ата-аналарды тозақ отын- да молланың шыбығы тиген жер күймейді дегенге иландырып, жас шыбықтай солқылдаған жас ұрпақтың жанын да, тəнін де қинап азаптады.

Ел-шежіре

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға