«Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында»
Ғалымның үзеңгiлiс замандасы Телжан Шонанұлы да 1923 жылы тұлғаның ғылыми қайраткерлігі туралы «Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында» деген орыс тілінде ғылыми мақала жазған. Мақала жарияланбаған. Т.Шонанұлының қолжазбасын мемлекет мұрағаттың қоры- нан алып, жұртшылыққа ұсынған мұрағат қызметкерi əрi филолог Б.Байғалиев. Оның дайындауымен 1992 жылы жарық көрдi. Деректi мақаланы «Əдеби мұра» ретiнде ұсынған «Жұлдыз» журналы редакциясы: «…Оқырман на- зарына ұсынылып отырған мақала 1923 жылы Ахмет Бай- тұрсыновтың 50 жасқа толған мүшелтойына арнап жеке кiтап ретiнде шығару мақсатымен орыс тiлiнде жазылған. Бiрақ жарық көрмеген. Мақала қолжазбадан аударылып берiлiп отыр. Қолжазбаны Қазақ ССР Мемлекеттiк Орталық архивiнiң №544 қорынан алып жариялауға дайындаған – Бейсенбай Байғалиев»деген маңызы зор мəлімет береді (123-б.).Осы ақпараттық мəлімдемеде бiрiншiден, 50 жасты «мүшелтой» деп жаңылысады, бұл негізінен мерейтой. Мұсылмандардың жыл қайыруына сүйенсек, алғашқы мүшел – «13 жас», оған 12- ні еселесек, келесі мүшел – «25, 37, 49» болып жалғаса береді. Бұл мақаланың ғылыми ортаға беретiн жаңалықтары аса құнды. Лингвист Т.Шонанұлының мақаласындағы ерекшелiк –А.Байтұрсынұлының өлеңдерiнен алынған үзінділердің орыс тiлiне аударылуы мен олардың шығу тарихына түсiнiк талдау беруi. Сондай-ақ, тұлғаның қазақ халқына жасаған қызметi туралы: «…қиынкезеңде Ахметалғашқыболыпдауыскөтерiп, қазақ мектебiн бiр жағынан, дүмше молдалардан, екiншi жағынан патша миссионерлерi ықпалынан құтқару үшiн қызмет еттi» –деп жазады. Оның тiл саясатында кемеңгер күрескер екенi жəне қазақ үшiн жаңа əлiпбидi тұңғыш рет түрлеп-түзудегi ірі құбылыстың тiзгiнiн ұстағанын ғылыми тұрғыдан дəлелдейдi. Т.Шонанұлы жаңа əлiпбидiң ерекшеліктерін былай- ша жіктейді: «Бiрiншiден, А.Байтұрсынұлы əлiпбиi тiлiмiздiң таза сақталуына. Екiншiден, əлемдiк мəдениетпен араласу жо- лын жеңiлдетуi. Үшiншiден, халық мектептерiнiң өркендеуiне алып қадам жасағаны анық» деп жазады. 1915-1916 жылдары Түркi халқының тiлi таласқа түскенде Ахметтің ана тiлiмiздi қорғап, «Шекiспей, бекiспейдi» мақаласы мен «Туған тiлiм» деген өлең жазғанын айтады. Ғылыми талдауында мақала мен өлеңнен үзiндiлер келтiрген.
Т.Шонанұлының мақаласы – ғалымның 125 жылдық ме- ретойына орай шығарылған «Ұлттық рухтың ұлы тiнi» атты ғылыми жинақта: «Мақала əуелгi, орыс тiлiндегi нұсқасында тұңғыш жарияланып отыр. Қолжазба – Қазақ КСР Мемле- кеттiк Орталық архивiнен алынды: №544 қор, 1-тiзбе, 104-б» деген ерекше-ескертумен жарияланды.
1923 жылы тұлғаның 50 жасқа толу мерейтойына орай, С.Сейфуллин, М.Əуезовтер мен «Ақ жол» газетінің басқармасы тарапынан танымы терең құттықтау мақалалар жазғаны, бұл мақалалардың ахметтану мəселесінде үлкен рөл атқарғанын, бүгiнгi ғалымдар зерттеу еңбектерінде таратып талдап, жазып жүр. Мақалалардың құндылығы соншалық, бiрнеше рет басылым көргенiн атасақ та жеткiлiктi.
"Ел - шежіре"