Жаңалықтар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (Өмірі мен қызметі туралы)

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (Өмірі мен қызметі туралы)
27.08.2014 08:41 5425

Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолын ағартушылықтан бастауының өзіндік мәні бар. ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ интеллигенциясы қалыптасты. Қазақ жастары Петер- бор, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк, т.б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алды. Олар дәулетті, шағын, кедей ортадан шыққанымен, едәуір білім алғандары әкімшілік, сот орындарында қызмет етіп, бас пайдасын, өз мүддесін көздейтін болды. Ахмет Байтұрсынұлының тілімен айтқанда, «... байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп»  тұрғанда,  оқу-білімнен  кен- де, қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жо- лын қалап алғандардың бірі, бірі ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болатын.

1895-1909 жылдарда А.Байтұрсынұлы Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытып, екі сыныптық училищелерде сабақ берді. Осы жыл- дары А.Байтұрсынұлы Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші А.Е.Алекторовпен танысады. Мұхтар Әуезовтің жазғанына қарағанда, оның бұл танысуы қазақ халқын оқу- білімге тарту жөніндегі миссионерлердің ниет-пиғылдарын жақын білуіне көмектесті, соның нәтижесінде өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындайды (М.Әуезов. Ахаңның елу жылдық тойы (юбилейі), «Ақжол» газеті, 4 ақпан 1923 жыл, № 270).

Бес жылдай (1913-1918) өз қаражатымен, сол кезең үшін үлкен данамен (8 мың  дана)  шығып  тұрған  «Қазақ»  газеті ең алдымен, қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін мәселелер көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе, тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамытуды, ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде мектеп ашып, ана тілінде оқыту керектігін, ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қоюды жиі жазды.

А.Байтұрсынұлы 1920 жылдардың басында әртүрлі мемлекеттік басқару істеріне, қоғамдық жұмыстарға бел- сене араласа жүріп те, оқытушылық, ұстаздық қызметін тоқтатпады. Ол 1921-1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді, лекция оқыды.1928 жылдың соңында яғни қыркүйек айында Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті деп аталған жоғары оқу орны ашылады. Бұған сабақ беруге Мәскеу, Ташкент сияқты орталықтардан ма- мандар шақырылады. Солардың бірі болып Ташкенттен А.Байтұрсынұлы келеді. Қазақ мемлекеттік университеті директорының 1928 жылғы қазан айының 15 жұлдызындағы

№ 14 бұйрығымен осы жылғы қазанның бірінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып жұмысқа алынады. Бұл жоғары оқу орны осылайша «универ- ситет» деп (ҚазМУ) 1930 жылдың 24 желтоқсанына дейін ата- лып келіп, 1930 жылғы желтоқсанның 25-сіндегі бұйрығымен (№ 114) «Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институты бойынша» деп жариялайды. Бұл бұрынғы Абай атындағы пе- динститут (ҚазПИ) еді.

ҚазПИ-де А.Байтұрсынұлы 1929 жылғы шілденің 5 жұл- дызына дейін істейді. 1929 жылы маусымның 2 күні тұтқынға алынғандықтан, қызметтен босату туралы ректордың бұйрығы шығады. Ал тұтқынға алыну тарихы мынадай еді:

1920 жылдардың соңғы кезіндегі Қазақстан Компартиясы- ның бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин 1919 жылғы ВЦИК-тің қаулысына және В.И.Лениннің «көшпелі халықтардың малын тартып алып, кедейлерге бөліп беруге асықпау керек» деген ескертпесіне қарамастан, 1928 жылдың күзінде Қазақстанда мал-мүлік конфискациясын жүргізіп, әрі қарай астық дайын- дауды тездету мақсаты деп «Голощекиннің қызыл керуені» де- ген науқанды іске асырғаны, сөйтіп, қазақ елін мейлінше тонап, ашаршылыққа ұшыратқаны белгілі. А.Байтұрсынұлы қазақ да- ласында жүргізілген бұл конфискацияны жұтпен бірдей деп ашық айтты! Сұлтанбек Қожанов: «Жетті [елді] күйзелтулер!» деп тікелей наразылық білдірді. «Кіші Октябрь» деп аталған осы саясатының теріс болғанын сезген Голощекин өзіне қарсылық білдірген қазақ қайраткерлері мен интеллигенттеріне «ұлтшыл» деген айып тағып, олардың көзін біржола жоюды қолына алды. Әсіресе төңкеріске дейін қалыптасқан қазақ зия- лыларына шүйлігіп, ОГПУ олардың 30-ға жуығын қамауға алады. Солардың бірі – «ұлтшылдардың рухани көсемі» Ах- мет Байтұрсынұлы 1929 жылдың 2 маусымында ұсталып, өзін Архангельскге, отбасы – жұбайы Александра (Бадрисафа) мен қызы Шолпан Томск облысына жер аударылды.

 

"Ел-шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға