Жаңалықтар

АХМЕТ МУРАДОВ: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҰҚСАСТЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРЕДІ

АХМЕТ МУРАДОВ: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ТҰРМЫС ҰҚСАСТЫҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРЕДІ
06.04.2019 10:03 3139

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық тобы Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйіндегі қолөнер шығармашылық орталығы мен «Аналар аманаты» көрмесін тамашалады.

Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының жұмысыен танысты.

Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің құндылықтарын, патриоттық тәрбие және әлеуметтік жауапкершілігін жаңғырту мен насихаттау мақсатында жуырда Достық үйі аясында «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығы және көрмесі ашылғаны белгілі. Сонымен қатар, Достық үйі аймағында оқыту шеберханалары негізінде әлеуметтік кәсіпкерліктің  дамуына және жұмыссыз әрі көпбалалы әйелдерді қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында шеберлік сабақтары өтіп тұрады.

«Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығы және көрме туралы депутаттық топты Достық үйі аясындағы «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығының жетекшісі Ырза Тұрсынзада таныстырды. 

Сондай-ақ, бұл күні Достық үйінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары өз ойларымен бөлісіп, елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына алғыстарын білдірді. 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов этностардың рухани мәдениетінің ұқсастығы қоғамды тұтастай біріктіреді және еліміздегі  тұрақтылық, бейбітшілік және келісім кепілі болып табылатынын атап өтті.

«Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қ. Достық үйі әрбір этникалық топ өмірімен өмір сүреді. Яғни, біз бүгін көріп отырғанымыз — бұл біз үшін үлгі. «Аналар аманаты» көрмесі арқылы біз қазақ халқының, Ұлы даланың тарихына бойлаймыз. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын көрме экспонаттарынан қайта оқуға болатындай, мұнда: металл, жүн, қолөнер заттары орын алған. Бірақ ең бастысы, қазақтардың тарихымен танысқан өзге ұлт өкілдері мәдениеттеріміздің негізі бір екенін түсінеді. Мысалы, тіпті, шешендер, ингуштар ежелден құмыра, сандықтар және т.б. сияқты заттарды кеңінен қолданған. Сондықтан тұрмысымыз бен салт-дәстүрлеріміздің ұқсастығы бізді біріктіреді. Материалдық мәдениет  арқылы рухани мәдениетіміз бірігеді және бұл өте маңызды», — деді Ахмет Мурадов. 

Өз кезегінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко мұндай көрмелерге жастарды көбірек тарту қажеттігін атап өтті. «Жастар өз ата-бабаларының мәдениеті мен салт-дәстүрін ұмытпауы тиіс. Өйткені олай болса, ұлт жойылады. Ал Қазақстанда әр халықтың мәдениетін сақтау үшін барлық жағдай жасалған», — деді ол.

Кездесу соңында қатысушылар қазақ халқының бай және сарқылмас мәдениетімен, атап айтқанда қолөнер шығармашылығымен танысу мақсатында Достық үйіне жиі келуге келісті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІНІ ҚАБЫЛДАДЫ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ БАҒЫТЫН ЖАЛҒАСТЫРУ – БІЗДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТІМІЗ

НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОЛӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға