Жаңалықтар

"Әкесі жасады": Ерке Есмахан ұлының бөлмесін көрсетті

"Әкесі жасады": Ерке Есмахан ұлының бөлмесін көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan 30.11.2023 10:15 20475

Жақынды ұлды болған жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim баласына арнап ерекше бөлме жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерке Есмаханның айтуынша, әкесі баласына арнап қабырғаға кішкентай қонжықтарды іліп тастаған. 

Шүкір дегеннен басқа айтарым жоқ. Барлық тілекшілерге алғысым шексіз. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Әкесінің ұлына деп өз қолымен жасаған бөлмесі. Ал бүгін түнгі 00:00 де кешікпей менің де туған күнім кеп қалады. Құттықтаулар қабылданады, - дейді әнші.

Айта кетейік, Ерке Есмахан бүгін жаңа жасқа қадам басты. Биыл әнші үшін өте табысты жыл болғаны анық. Бұған дейін Ерке Есмахан ұлының байбақты елінің ұрпағы, атасы мен әжесінің тұңғыш немересі екенін жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға