Әкесі жаңа туған баласының денесін әжетханадан тауып алған

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
14.02.2025 11:52
2352
Ер адам өзінің жаңа туған нәрестесін қазылған құдықтан тауып алған. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің Ленинград облысына қарасты Ломоносов ауданындағы жеке үйде тұратын отбасы егіз күтіп жүрген. 34-аптада жүкті әйелдің толғағы қысып, ол мерзімінен бұрын босанған.
Жедел жәрдем келгенге дейін ол сырттағы әжетханаға барып, сол жерде босанып қойған. Оқиға орнына келген дәрігерлер анасы мен баласын перзентханаға алып кеткен.
Сонан соң сол үйдің отағасы әжетханаға барғанда құдықтан нәрестені көрген. Сәбидің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі сараптамаға жіберілген.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жарасқан Мырзамұратов Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі атанды