"Әке-шешесі өлтірген". Екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың денесі табылды
Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған Карина Дарохинаның денесі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін өз әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салған. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйел екінші күйеуімен қызды қасақана өлтіргенін мойындап, мүрдесін жасырған жерді көрсеткен.
Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді, - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды.