Жаңалықтар

«Әке махаббатын сезіндірді». Ерке Есмахан күйеуіне ыстық ықыласын жеткізді

«Әке махаббатын сезіндірді». Ерке Есмахан күйеуіне ыстық ықыласын жеткізді
Фото: видеодан алынған кадр 20.09.2024 12:15 1790

Белгілі эстрада жұлдызы Ерке Есмаханның үлкен ұлы көлікті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады.

Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Мүслімнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Мүслімнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа мама» деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін әкесі Мүслімге сыйлық жасап қуантты, - дейді Ерке Есмахан.

Ол баласына көлігін құтты болсын, ақылды жігіт бол деп тілегін айтты. 

Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын, - деп жазды әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға