Жаңалықтар

Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде Алматы әуежайында ұсталды

Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде Алматы әуежайында ұсталды
Фото: t.me/airastana 25.04.2024 15:55 1515

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстады. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедронды пайдаланып, сақтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana баспасөз қызметі ақпаратты растады. 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатып, олардың ұшқышы мас күйінде ұсталды. 

Әуе компаниясы қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына мүлдем қарсы екенін мәлімдейміз. Өйткені қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз. Әуе компаниясы экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді, ал қызметкердің өзі жұмыстан шеттетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға