Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
![Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/137081/1200xauto_NOvFERaY5hSUwvtHqwrt5IRdpf0iDsvKKuGCCNXz.jpg)
Air Astana әуе компаниясының ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсінік берді. Ондағы мәліметке сүйенсек, 8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кеткен. Алайда техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонған. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болған.
Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда,-делінген мәліметте.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)