Жаңалықтар

Air Astana Тель-Авивке әуе рейсін уақытша тоқтатты

Air Astana Тель-Авивке әуе рейсін уақытша тоқтатты
Фото: gov.kz 07.10.2023 20:23 799

Air Astana әуе компаниясы Израильдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуекомпаниясы кесте бойынша ертеңге жоспарланған Тель-Авивке рейсі Бен-Гурион әуежайының қауіпсіздігі сақталған жағдайда орындалады деп хабарлайды. Тель-Авивке кейінгі барлық рейстер қосымша ескертуге дейін тоқтатылды, - делінген мәліметет. 

Air Astana сондай-ақ Тель-Авив рейстеріне билеттерді сатуды уақытша тоқтатты. Билеттерді алдын ала алған бірақ Израильдегі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушыларға әуекомпания билеттерді сатып алған жерден толық қайтаруды ұсынады. 

Әуе тасымалдаушысы Израильдегі жағдайды мұқият бақылайды. Рейстердің мәртебесін https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы сілтеме арқылы, ал билетті қайтару мәселесі бойынша https://help.airastana.com/hc/kk/requests/new?ticket_form_id=10101484757522 хабарласуды сұраймыз, - делінген компания таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға