Жаңалықтар

«Air Astana» қазақстандықтарға ескерту жасады

«Air Astana» қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: t.me/PR_AirAstana 05.02.2025 14:25 142

«Air Astana» алаяқтыққа қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Air Astana» интернетте әуекомпания атын пайдаланып, онлайн табыс табуды ұсынатын жалған хабарландыру жиілеп кеткенін ескертіп, күмәнді табыс табу жолдарына сенбей, сақ болуға шақырды.

Мұның компанияға ешқандай қатысы жоқ, бұл – алаяқтық әрекет. Алаяқтардың тұзағына түсіп қалмаңыз және жеке деректеріңізді қорғаңыз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға