Жаңалықтар

Air Astana қазақстандықтарды елге қайтарудың балама жолдарын қарастырып жатыр

Air Astana қазақстандықтарды елге қайтарудың балама жолдарын қарастырып жатыр
Фото: polet.me 08.10.2023 20:27 766

Air Astana әуекомпаниясы Израильден қазақстандықтарды елге қайтаруға қатысты балама нұсқаларды қарастырып жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қауіпсіздік мақсатында көптеген халықаралық әуекомпаниялар Тель-Авивке/Тель-Авивтен  рейстерді тоқтата тұруына қарамастан, Air Astana әуекомпаниясы ұшуға ниет білдірген жолаушыларды тасымалдаудың балама нұсқаларын іздестіруді жалғастырып жатқанын хабарлайды, - делінген мәліметте.

Тель-Авивтен Алматыға жоспарланған КС650 рейсіне 138 жолаушы билет алған, оның ішінде 37 қазақстандықтар. 7 отандасымыз Air Astana интерлайн-серіктес әуекомпанияның рейсіне қайта брондалып, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдаса, 3 жолаушы өз шешімін әлі ойластыруда. 

Сондай-ақ әуекомпания Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша орындалмай қалған КС649 рейсіндегі шетелдік жолаушыларына билеттерді қайта брондауға жәрдем көрсетті. Жолаушылардың қалауына сәйкес Түркия мен Грузияға ұшуға балама берілді. 

Air Astana Израильдегі ҚР елшілігі ашқан WhatsApp чатында кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындады; және Израильге/Израильден ұшуға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы қызмет ететін жедел желін құрды: +7 (727) 244 44 78, +7 702 702 0074(WhatsApp). 

Әуекомпания Израильден ұшуға ниет білдірген барлық қазақстандықтардың оралуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салуда. Жолаушылардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және әуекомпанияның жаңартуларын мұқият қадағалауды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға