Жаңалықтар

Air Astana Атырау-Тбилиси рейсін іске қосады

Air Astana Атырау-Тбилиси рейсін іске қосады
Фото: t.me/airastana 18.02.2025 11:14 389

27 мамырдан бастап Air Astana Атыраудан Тбилисиге тікелей қатынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания мәліметінше, Airbus ұшағы екі қала арасында аптасына үш рет сейсенбі, жұма мен жексенбі күндері ұшады.

Барып-келу билеті барлық алымды есептегенде эконом класта 113 375 теңге, бизнес класта 308 081 теңгеден басталады. Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 50 минут, - делінген мәліметте. 

Жаңа бағыт қосылса, Тбилисиге қатынайтын рейс саны аптасына 15 рейске дейін көбеймек. Себебі Қазақстанның үш қаласы: Алматы, Астана мен Атыраудан қатынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға