Air Astana 1 наурыздан бастап ұшатындарға үндеу жасады

Air Astana Қазақстан облыстарының бірдей уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейс кестесін дұрыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1-31 наурыз аралығындағы рейс кестесі өзгерді. Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстер 1 наурызда бірден автоматты түрде өзгертіледі.
Рейс уақыты өзгертілген жолаушыларға SMS хабарлама мен электрон поштасына хат жолданады. Рейс статусын сайтымызда немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасында тексеруге кеңес береміз, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстанда еліміздің барлық аумағында 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бұл шешім бастапқыда көптеген пікірталастарды тудырды, бірақ адам денсаулығына әсер ету тұрғысынан биологиялық дұрыс уақыт белдеуі өте маңызды.
