Жаңалықтар

Айқын Төлепбергеннің өмірлік ұстанымдары

«Нағыз ер жігіт өз орнын табады»
Айқын Төлепбергеннің өмірлік ұстанымдары
05.06.2017 11:51 11622

«Super star» байқауы арқылы халыққа танылған Айқын Төлепберген бүгінде көптің сүйікті әншісіне айналып үлгерді. Оның өрге шапқан шығармашылық жолы кімді болмасын қызықтыратыны анық. Сондықтан да, біз оның өмірлік ұстанымдарын тізіп шығуды жөн көрдік.

  • Мен үйде қазақша сөйлесемін. Баламды да қазақша тәрбиелеймін. Қаланың балалары дәстүрлі әнді бәрібір тыңдамайды. Олардың бетін бері бұру керек. Яғни, біз олар тыңдайтын музыканы қазақ тілінде беруіміз керек.

  • Ресейге талпынбаймын, өйткені Қазақстанда ғана керек екенімді білемін. Шет елге шыққанның өзінде Ресейден гөрі Қытайға барсақ, жолымыз ашылар. Өйткені түр-келбетіміз жағынан да Ресей сахнасына жараспаймыз. Олар бізден тек үлкен ақша күтеді. 

  • Біз қазір қазақстандық деңгейді көтеруді ойлауымыз керек. Соңғы кезде шоу-бизнесте оң өзгерістер бар, бізді Қырғызстан да таниды, басқа мемлекеттердегі қазақтар да тыңдайды, яғни, аудиториямызды кеңейтіп жатырмыз. 

  • Болашақта халық әндерін заманауи стильде жаздырып, көпшілік қауымға тарту еткім келеді.

  • Әншілік мен үшін күнделікті жұмыс. Әрине, сахнаға алғаш шығып жүргенде, халықтың ыстық ықыласына мас болып, танымалдылықты көтеру қиынға соққанын жасырмаймын.

  • Жалпы, сахна әрбір өнер иесінен сұлулықты талап етеді. Сондықтан сырт келбетке мән беріп, үнемі формада жүруге тырысамын.

  • Отбасымызда ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді бойымызға терең сіңіріп өстік. Өзім тілге, дінге, ділге өте-мөте берікпін. Алайда, сапалы қазақ болу үшін ұлттық болмысқа сай, өзге жұрттың ілімі мен ғылымын, тілі мен мәдениетін меңгерген жөн. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасырдың талабына толық сай болу керексің...

  • Нағыз ер жігіт өз орнын табады және артына өшпес із қалдырады.

  • Баса айта кетер нәрсе, ешқашан ән ұрламаймын, автордың рұқсатымен ғана жарыққа шығарамын.

  • Мен әрқашан инженер немесе әртіс болуды армандағанмын.

  • Отаным туралы, Елордамыз Астана, сүйікті қалам Алматы туралы, спорт, әскери адамдар жайында әндерімді көбейткім келеді.

  • Бірде бір бейнебаяным өзіме ұнаған емес. Одан да күштірек түсіріп, күшті әндер айтқым келеді. Әйтеуір, талпынатын мақсаттарым бар.

  • Әндерім тыңдарманға жеткенін қалаймын. Сол арқылы олардың күлкісін көргім келеді, өзім секілді қуанышты жүздерін көргенге не жетсін.

  • Мен үшін бақыт – ол сенімділік, сондай-ақ, барлық қиындықты артта қалдырып, өзіңе көңілің толатындай ғұмыр кешу, соңында бақытты болу.

  • Адамдардағы бір сөзділікті ұнатамын. Алдамай, істеймін деп айтқан нәрсесін жүзеге асырса, міне нағыз сөзінде тұрушылық.

  • Әрқашан дәлме-дәл уақытында жүруге тырысамын, концерттеріне кешігіп келетін әртістерді түсінбеймін.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға