Жаңалықтар

Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін құттықтады

Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін құттықтады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 27.02.2025 14:57 143

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтеді. Халықаралық деңгейде алғаш рет 2014 жылғы 27 ақпанда Финляндияның Хельсинки қаласында мерекеленді. 

Құрметті Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері!

Сіздерді Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамдық мүдде жолындағы адал еңбектеріңіз – ең басты құндылықтардың бірі.

Мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған міндеттерді іске асыру үшін мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастығы қажет екенін атап өткен болатын.

Расында да, үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді.
Мемлекеттің кемел келешегін қамтамасыз ететін негізгі ресурс – адам капиталы.

Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Азаматтардың құқықтарын қорғаудан бастап, «Таза Қазақстан» секілді экологиялық акцияларға дейінгі көптеген маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер.

Биыл қазан айында Қазақстанның 12-ші Азаматтық форумы өтеді. Бұл – мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара іс-қимылдың тағы бір жарқын көрінісі болмақ.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Дегенмен қаржының ашық әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету үшін цифрландыру мәселесіне де айрықша мән беру қажет.

Сіздердің қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз орасан зор. Осы орайда, азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, жаңа идеялар мен толайым табыс тілеймін! Қоғам дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға