Жаңалықтар

Аида Балаева туу көрсеткіші жоғары өңірлерді атады

Аида Балаева туу көрсеткіші жоғары өңірлерді атады
Фото: Видеодан алынған кадр 20.02.2024 12:14 500

Халық тығыз орналасқан аумақтарда ел санының өсуі мемлекет алдына көптеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді қойып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағатында елімізде туу көрсеткіші жағынан оқ бойы озып тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы 34 жылдағы ең жоғарғы туу көрсеткішіне жеттік. Бүгінде Алматы, Шымкент, Астана қалалары мен Түркістан, Маңғыстау облыстарында халық санының өсімі жақсы десек болады. Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында адам азайған. Халық саны орташа деңгейде өсіп отырған Қызылорда және Атырау облыстары екен, - деп нақтылады ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және Отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға