Жаңалықтар

Аида Балаева отбасы институтындағы жағымсыз өзгерістерге тиісті түрде дұрыс жауап беруге шақырды

Аида Балаева отбасы институтындағы жағымсыз өзгерістерге тиісті түрде дұрыс жауап беруге шақырды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.10.2023 23:13 895

Отбасы және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отбасы институтын дамыту мен нығайтуға байланысты өзекті мәселелерді шешу бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар туралы хабардар етті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 2021 жылы – Қазақстанда соңғы 34 жылдың ішіндегі демография өз шыңына жетті. Соңғы 10 жылда 3 миллионға жуық адам дүниеге келді. Ағымдағы жылдың соңына дейін ел халқының саны 20 миллионға жетеді деп күтілуде. Халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады, ол шамамен 30% құрайды.

Ведомство мәліметінше, демографиялық жағдайдың барлық ерекшеліктерін ескере отырып, елдің одан әрі дамуын жоспарлауда халықтың әртүрлі топтарына бағытталған мемлекеттік саясат шаралары қабылданады. Бұл тарапта: жастар, өскелең ұрпақтың әлеуетін дамыту, жұмысқа орналастыру, егде жастағы қазақстандық жастардың отбасылық құндылықтарын қалыптастыру ерекше назарда.

Мектептерде 49 жарым мыңға жуық спорт секциясы, 56 592 мектеп үйірмесі жұмыс істейді. Алдағы бірнеше жылда шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған 100 нысан салынады.

Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен жүз пайыз қамту жөніндегі тапсырмасы: жаңа объектілер салу есебінен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңімен ұлғайту, ауылдық мектептерде комьюнити-орталықтар ашу және бұрыннан бар мектептен тыс ұйымдарды жаңғырту арқылы орындалатын болады. «Отан отбасынан басталады». Мықты ұлт отбасында қалыптасады. Мемлекеттің болашағы – осы маңызды қоғамдық институттың жағдайына тікелей байланысты. Соңғы онжылдықтарда біз отбасы институтында неке жасының жоғарылауы және баланың туылуы, ажырасудың өсуі және жалғыз басты ата-аналардың көбеюі сияқты өзгерістерді байқадық. Біз бұндай өзгерістерді біліп қана қоймай, тиісті түрде дұрыс жауап беруіміз керек, - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның барлық өзекті мәселелерді шешудегі ерекше рөлін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға