Жаңалықтар

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 18.05.2024 20:15 642

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түркіменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жастар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.

Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мақтұмқұлы Пырағының мол мұрасы біздің халық үшін аса маңызды. Достықтық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің бегісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп атап өтіп, министр Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.

Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды. Айта кетейік, Ашхабадта Түрікмен ақыны Мақтұмқұлы Пырағының ескерткіші ашылды.

Ақын мүсіні 60 метрлік монументалды ескерткіш түрінде тұрғызылған. Аталмыш нысан түрлі елдер мен дәуірдегі әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың 24 мүсінін біріктіретін жаңа мәдени-саябақ кешенінің құрамына кірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға