Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
02.09.2023 12:18
1102
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, жаңа тағайындауға орай Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берді.
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Балаева Аида Ғалымқызының кандидатурасы келісілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Марат Қарабаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды