Жаңалықтар

Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады

Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.05.2024 09:45 638

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар, халықаралық отбасы күнін атап өтуде. БҰҰ бас ассамблеясы осыдан 31 жыл бұрын отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру үшін бұл мерекені белгілеген болатын. Әрине, адам өмірі отбасыдан басталады. Онда оның балалық шағы, тұлға болып қалыптасу жолы өтеді. Сондықтан отбасы махаббат пен құрметтің, ынтымақтың ұясы болып қала берері анық. Ал адам онсыз өмір сүре алмайды. Қзақстан халқы үшін отбасының орны ерекше. Отбасы өмірдің негізгі құндылықтарының, мәдениетінің, сақтаушысы, - деді министр.

Министрдің сөзінше, бәріміз үшін отбасы тұрақтылық пен дамудың негізі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік маңызды мәселелерін шешуде отбасы институтының рөлі туралы үнемі айтып келеді. Ана мен баланы қорғау, ұрпақтың рухани дамуы,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, әкенің рөлі секілді қоғамдық мәселелер отбасы тәрбиесіне байланысты екені белгілі, - деп атап өтті.

Министр Қазақстан қазіргі кезде отбасын қорғайтын заңнамалық база қалыптасқан жетекші елдердің бірі екенін атап өтті.

Былтыр 1 шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс әлеуметтік  қолдау мәселелерін реттейтін маңызды құжат болып саналады. Енді әлеуметтік қолдау жәрдемақы төлеу ғана емес, азаматтардың өмірлік қиындыққа ұшырауының алдын алуға бағытталған әлеуметтік кодекстің бір жаңашылдығы отбасылық цифрлық картасы. Бүгінде ол отбасылық портрет деп аталады. Онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ Әлеуметтік кодексте балаларды қолдау туралы қосымша шаралары, атап айтсақ, бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзарту көзделген. Еңбек заңнамасы жұмыс істейтін аналар мен әкелдердің құқығы мен міндеттерін реттейді. Онда жүкті әйелдер мен балалы әйелдерді жұмысқа қабылдағанда кепілдіктер беру және жұмыстан шығаруға тыйым салу, 3 жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру қарастырылған,- деді министр.

Ол жақында Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойғанын айтып өтіп, қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтады.

Құрметті достар, мұның бәрі болашақ үшін дамыған әрі өркениетті Қазақстанда өмір сүруге тиіс және өмір сүретін балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасалып отар. Бүгінгі халықаралық отбасы күні біз тағы да отбасы құндылығының ерекше маңызына, оның жақсартудағы рөліне назар аударамыз. Сіздерді осы атаулы датамен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін, - деді Аида Балаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға