Жаңалықтар

Аида Әбікеева әлем чемпионатында үздік шықты

Аида Әбікеева әлем чемпионатында үздік шықты
Фото: ҚР спорт комитеті 16.03.2025 23:40 151

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

63 келіде шаршы алаңға көтерілген отандық былғары қолға шебері шешуші айқастан Таиланд боксшысы Тананью Сомнуектен басым түсті. Азия құрлығының өкілі Азия ойындарының қола жүлдегері, Париж Олимпиадасының қатысушысы. 

26 жастағы жерлесіміз өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінде бақ сынып отыр. Қарағанды бокс мектебінің түлегі 2024 жылы Азия біріншілігінде топ жарған еді. 

Сондай-ақ, аталған сында Қазақстан құрамасының мүшелері Назым Қызайбай (48 кг), Алуа Балқыбекова (50 кг) чемпион атанса, 60 келіде Виктория Графеева (60 кг) күміс жүлдеге ие болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға