Жаңалықтар

«Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет қажет». Президент құрғақшылық қаупі туралы

«Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет қажет». Президент құрғақшылық қаупі туралы
Фото: © Pixabay.com 07.02.2024 11:55 1025

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қысым-Жомарт Тоқаев су ресурстарының қолжетімді болуы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы көрші мемлекеттер су тапшылығын жою үшін нақты мақсат қойып, белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Бізде су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы жақында ғана қабылданды. Бұл құжат тым ұзақ талқыланды. Ашығын айту керек, жағдай өте күрделі. Мысалы, еліміздегі суармалы жердің 13 пайызында ғана су үнемдеу технологиясы бар. Әсіресе Түркістан және Қызылорда облыстарында жағдай мүшкіл. Құрғақшылық қаупі өте жоғары. Соған қарамастан осы аймақтарда тиісті жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Сондықтан суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту керек. Су үнемдейтін технологияны енгізу қажет. Ахуалды жақсарту үшін батыл әрекет қажет, – деді мемлекет басшысы.

Президент ең алдымен су үнемдеу технологиясын кең ауқымды енгізген жөн екенін атап өтті.

Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. Судың да сұрауы бар. Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибелерін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету аса маңызды міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беруге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға