Жаңалықтар

Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы Jusan bank-ті басқара ма?

Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы Jusan bank-ті басқара ма?
Фото: yessenovfoundation / primeminister.kz 14.07.2023 16:45 1634

АТФ банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов алдағы уақытта Jusan bank-ті басқарады. Ол Jusan bank акцияларының және оның барлық активтерінің 100 пайызын сатып алмақ.  Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, миноритарлық акционер қазақстандық банкті толық бақылауға алуды көздеп отыр.

Жақында жарияланатын мәміле шарттарына сәйкес, Ғалымжан Есенов First Heartland Jusan Bank-тегі үлесін 20%-дан 100%-ға дейін ұлғайтады. Сатушы – Назарбаев құрған қормен байланысы бар британдық Jusan Technologies компаниясы. Қазіргі уақытта кәсіпкер Ғалымжан Есенов қаржы институтының 20 пайыздық үлесіне ие.

Оқи отырыңыз:

Биыл сәуір айында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Есенов банк басшылығына ешқандай қатысы жоқ екенін, оның акцияларындағы үлесі 2020 жылы бұғатталып, "Жусан банкінің" өзінде кепілге қойылғанын мәлімдеді. Бұл ретте ол дивиденд алу, Jusan Bank-ті басқаруға қатысу және директорлар кеңесіне өз өкілдерін тағайындау құқығынан айырылғанын атап өтті.

Айта кетейік, Ғалымжан Есенов - қазақстандық миллионер, Назарбаевтың жиені Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы, 2013-2020 жылдары - АТФ банк директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға