Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлына арналған жыр

Ахаң ата тойы
Ахмет Байтұрсынұлына арналған жыр
Фото: bugin.kz 15.01.2023 14:20 1531

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын өткізуге қызу дайындықта болған жерлестерімнің еңбектерінің көрінбей, Әулиекөл қаласындағы орман алқабының өртенуі салдарынан тойдың кейінге шегерілгенін естіп, әбден құлазыған көңілімді баса алмай, өздігімнен жүрегім қысылып, көз жасыма ерік беріп, осы өлең жолдарын ақ қағазға түсірген едім: 

Ұзақ жылдар той болмады Торғайда 
Қуанып жұрт барып елге тойлауға 
Қош көрмеген екен мұны қай жауыз 
Елім жасап қалар еді болып мәз 

Той дегенде домалаған қу баста 
Аңқылдаған елім бастар тойды да 
Ән-жырлармен шашу шашып, басталып 
Су сепкендей басылғаны мұңды да 

Қанша еңбек, маңдай тері халқымның 
Самаладай тізілді үйлер жалпының 
Шат-шадыман қызу айтыс басталып, 
Айтылып ой, елім жайын ақтарып  

Елдің ұлы Айбек алды жүлдені 
Шын қуанып, көзге де жас келгені 
Жайсыз хабар естіген сәт сол еді 
Ақын ұлың, жыр арнады шын мұңды

Одан әрі сорғалады көз жасым 
Тоқтай алмай естігенде жыр жолын 
Той тоқтады, шегерілді кейінге 
Жығылды үйлер, жай түскендей көңілге

Бармасам да ата тойын тойлауға 
Тілеп едім жақсы өтуін, шын ойда
Не себептен келді елге қасірет 
Ұлы тойды тойлатпаған, лағынет

Енді мұндай болмас қарқын тойлауға 
Ат шаптырып, асыр салып ойнауға 
Қалды халқым көңілдері жабырқап 
Көп көргенбе ұзақ күткен тойды да. 

Аруақты жер, киелі ел - Ақкөлім 
Жыр арнадым, ерік беріп көз жасым 
Ахаң ата аруағы қолдасын 
Мәңгі жаса туған елім - Торғайым. 

                                                          Нұрсұлу Жолтайқызы 2022 жыл

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға