Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты
Фото: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 20.05.2024 21:05 2929

Бүгін Астанада «Соңғы үкім» фильмінің алдын ала жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған фильм қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері жайлы туынды. 23 мамырдан бастап ел кинотеатрларына жол тартады.

Картинаның сюжеті Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің барлық кезеңдерін қамтиды. Толықметражды тарихи драманы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Folklore media студиясы түсірген. 

Фильмнің жабық көрсетіліміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Сонымен қатар министр “Соңғы үкім” фильмін түсірген белгілі қаламгер, режиссер, продюсер, қазақ телевизиясына да елеулі үлес қосқан Ғалым Доскен бастаған топқа алғыс білдірді. 

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

                        Сурет: Ажар Лаубаева

Фильмнің продюсер және сценарий авторы Ғалым Доскен аталмыш туынды тек қана Ахмет туралы емес екенін айтады. 

Яғни, мұнда қазақтың ұлттық интеллигенциясының алғашқы легі, солардың арманы мен көксеген мұраты берілсе, бір жағынан сұлулық, әдемілік суреттеледі. Ахметтің қиын тағдыры арқылы сол қазақ интеллигенциясыныңсөйлеу мәдениетінен бастап, киім киісі, жүріс-тұрысына дейін ең әуелі өзіміз елестетіп, содан кейін сіздерге жеткізуге тырыстық, - дейді кино продюсері. 

Көркем фильмнің сценарийін жазуға 12 ай уақыт кеткенін айтты. 

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

Сурет: Ажар Лаубаева

Фильмді түсіруге екі жарым жылдай уақыт кетті. Өйткені пандеминың уақытында басталып кеткен болатын. Сол себепті оңайға түспеді. Алматы және Семей қаласында түсірілді. Бұл жерлерде ескі үйлер көп болды. Сонымен қатар Жетісу, далалық көріністердің көбісі Абай облысында түсірілді, - деді туындының продюсері Ғалым Доскен. 

Айта кетейік, фильмде басты рөл Ахметті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды сомдады. Сондай-ақ картинаға Дарья Александрова, Еркебұлан Дайыров, Айдар Наурызбаев түскен.

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

Ахмет Байтұрсынов туралы «Соңғы үкім» фильмі көрерменге жол тартты

Суреттер: Ажар Лаубаева

Ұлттық патриотизмді оятатын тарих ғана. Тәуелсіздік те терең тарихтан тамыр алып, болашаққа бастайды. Мұны Алаш алыптарының өзі шегелеп айтып, жазып кеткен. Біз де осындай тағылымға толы, өнегемен көмкерілген туындылардың артуын қалаймыз. Биыл 5 жылдығын атап өткен Ұлттық кино орталығы министрлікпен бірлесе осы бағытта отандық киноиндустрияны өркендетуге күш салатын болады, – деді Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға