Жаңалықтар

Ағылшын тілін ғаламтор арқылы үйренем десеңіз...

Тегін сайттар тізімі
Ағылшын тілін ғаламтор арқылы үйренем десеңіз...
23.01.2017 10:27 30366

 

Кіріспе

Көп адамдар өздерінің ағылшыншасын жетілдіргісі келгенімен, курсқа қатысуға бірінің ақшасы, енді бірінің уақыты жетпейді. Сондықтан, біз бүгін оқырмандарға ағылшын тілін ғаламтор арқылы үйрену жолдарын айтамыз.

Неден бастау керек?

Алдымен, өзіңіздің тіл білу деңгейіңізді анықтап алыңыз.

Өз деңгейіңізді қалай анықтайсыз?

Placement test көмегімен анықтайсыз. Бұл – сұрақтары мұқият таңдалған стандартты жазбаша тест. Әдетте мұндай тестте 100-ге жуық сұрақ болады. Әрине, placement test сіздің әңгімелесу және сөйлем құраудағы шеберлігіңізді анықтай алмайды. Бірақ, осы тест арқылы грамматикалық біліміңіздің қай деңгейде екенін байқауға болады. Placement test нұсқалары мен оның жауаптарын ғаламтордан оңай тауып аласыз.

О'к, тестті тапсырдым. Ары қарай не істеймін?

Алдымен өзіңізге нақты не керек екенін біліп алыңыз. Кей адамдар ағылшын тілінде сөйлеуге ұялады. Біреулер грамматиканы үйренгісі келеді. Енді біреулер мәтіндерді жап-жақсы түсінгенімен, естіген сөзді қабылдауы қиын. Көптеген әдіскерлер «can-do statements» әдісі бойынша («менің қолымнан бәрі келеді») дайындалуға кеңес береді. Мысалы: «мен қатесіз жаза аламын», «сериалды субтитрсыз қарай аламын», «ағылшын тілінде тағамға тапсырыс бере аламын», «ағылшын тілінде ғылыми мақала жаза аламын» және т.б.

Енді сабақ оқуға кірісу қажет пе?

Ең соңғы дайындық: өзіңіздің уақытыңыз, ақшаңыз бен мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз. Тіл үйренуге нақты қанша уақыт бөле алатыныңызды анықтаңыз. Күн сайын сабақ оқуды әдетке айналдырыңыз. (Мысалы, жыл бойы аптасына 4 күн қатарынан 10 минуттан дайындалсаңыз да, одан нәтиже шығады). Бастысы, ақшам жоқ деп қиналмаңыз. Тіл үйренуге қатысты көптеген тегін ресурстар ғаламторда самсап тұр. Ашып ал да, оқи бер!

Егер менің тіл үйренуге қабілетім жоқ болса, не істеймін?

Бұл нәрсені мүлдем ұмытыңыз! Ағылшын тілі Ньютон заңы емес қой! Тұрақты түрде көңіл бөлсеңіз болды. «Айналамдағылардың бәрі ағылшынша біледі, тек мен ғана білмеймін» деп өзіңізді тұқыртпаңыз. Тіл үйренудің ерте-кеші жоқ.

Ғаламтордағы мыңдаған әдістер мен дереккөздердің арасынан қайсысын таңдаған дұрыс?

Қателесуден қорықпаңыз. Таңдаған сайтыңыз ұнамаса, басқасына ауысып кету оп-оңай. Егер тұрақты түрде оқысаңыз, әдістің жаманы жоқ. 

Дайындалатын материалдар тізімін ұсына аласыз ба?

Иә, мінеки:

— BBC Learning English сайтының жаңартылған нұсқасы (тегін подкасттары мен интерактивті жаттығулары бар)

— Oxford University Press-тің әртүрлі жасқа және деңгейге арналған интерактивті жаттығулары

— Vocabularybooster — ағылшыныңызды жетілдіруге арналған орыс тіліндегі пайдалы ресурстар блог-агрегаторы

— Сан түрлі тегін ресурсы бар British Council cайты 

— Learn English with Ronnie YouTube-арнасы (күнделікті өмірге қажетті сөздер мен сленгтер)

— Онлайн-материалдары бар Language Leader, Face2Face, English File Third Edition оқулықтары

—  Lingualeo және Duolingo бағдарламалары

— EngVid.com сайты (видеосабақтар, тесттер және т.б.)

Түпнұсқа материалдарды қайдан аламын? Тіл үйрену үшін не істеу керек?

— Ағылшын тілінде фильмдер мен сериалдар қарау (Мысалы, Ororo.tv сайтынан)

— Ағылшын  тілінде дәрістер тыңдау (Мысалы, TED және Openculture.com)

— Soverybritish көңілді твиттеріне жазылып, 9gag.com сайтын парақтау, Buzzfeed сайтындағы тесттерді тапсыру (ол жерде тіл білімін тексеретін де тест бар!)

— тьюториал (tutorials) — қысқаша бейнематериалдар қарау: тырнақты қалай бояймыз, гитарада ойнау, көлік жөндеу, коктейль дайындау және т.б.

— Mindbodygreen сайты күнделікті жіберетін хаттарға жазылу (онда салауатты өмір салтын ұстануға қатысты қарапайым кеңестер мен ас мәзірі бар)

— таңертеңгі жаттығумедитация және караокеге арналған бағдарламаларды жүктеп алу

Ағылшын тілінде сериал қараймын. Бұл маған көмектесе ме?

Ағылшын тілінде материал қарап, тыңдау, әрине, жақсы. Бірақ, тілді толық үйрену үшін бұлар жеткіліксіз. Quizlet бағдарламасы арқылы жаңа сөздерді жаттауға болады. Осыған ұқсас vocabulary.com және memrise.com тегін сайттары да бар екенін есіңізге саламыз.

Бейтаныс сөздердің бәрін бірдей жаттау қиын ғой!

Иә, бәрін жаттау міндетті емес. Күнделікті өмірде өзіңіз жиі ұшырасатын сөздерді оқуға тырысыңыз. Бұл ретте Сambridge онлайн-сөздігі сізге тамаша көмекші құрал болады.

Өзіңіздің деңгейіңізге сай лексикалық оқулықтарды English Vocabulary in Use сериясынан қарай аласыз. Мұнда сөздер қолданылу ретіне және қиындығына қарай тақырыптарға бөлініп, топтастырылған. Лексиканы оқығанда сөздердің үйлесімділігіне мән беріңіз. (Қарапайым ғана мысал: біз to make homework емес, to do homework деп айтамыз). Сөздердің мазмұн жағынан сәйкестігін Oxford collocations сайтынан тексеруге болады.

Мен көп сөзді білгеніммен, оларды естігенде дұрыс түсінбеймін

Алаң болмаңыз. Сіздің деңгейіңіз intermediate болса да, сөздерді есту арқылы қабылдай алмауыңыз мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай.  Мұндайда жаттығуды жеңілінен бастап орындау қажет. Ағылшын тіліндегі сөздерді түсінуге көмектесетін түрлі жаттығуларды Puzzle English сайтынан табасыз. Олардың біршама бөлігі тегін. Сонымен қатар, «Би-Би-Сиде» мынадай пайдалы подкаст бар. Өзіңіз тыңдаған сөздерді жазып алып, қайта тыңдап, тексеріңіз.

Менде ағылшынша тілдесу жағы ақсап тұрса ше?

Ағылшын тілінде «writing makes us smart» деген жақсы бір сөз бар. Егер сөйлесуге мүмкіндігіңіз болмаса, жазыңыз. Жазған кезде ойыңыздағы сөздерді ретімен жазуға жаттығасыз. Ағылшын тілінде жазып үйрену үшін Imdb-де фильмдерге рецензия, tripadvisor-де пікір жазып, блог не инстаграм жүргізсеңіз болады.

Сіз жазған мәтіндерді тұрақты түрде тексеріп отыратын достарыңыз болса тіпті жақсы. Мына онлайн-қызмет те сізге көмекші құрал бола алады.

Грамматиканы үйреніп жүргенде жалығып кетсем қайтемін?

Әрине, грамматика шыдамдылықты талап етеді. Егер жаттығулардан жалықсаңыз, былай етуге болады: Pearson баспасынан шыққан My Grammar Lab оқулығы бар. Оның MyEnglishLab деп аталатын онлайн-тұғырында оқу үлгеріміңізді тексеруге болады. Өз біліміңізді жүйелі түрде тексеріп отырсаңыз, бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, оқуды ары қарай алып кетуіңізге ықпал етеді.

«Скайп» арқылы сабақ алу тиімді ме?

Иә, мұғалім мықты болған жағдайда бұл әдіс нәтижелі болады. Сабақтардың кесте бойынша тұрақты түрде өтуі аса маңызды. Бұл уақытта сіз сабақтан басқа еш нәрсеге алаңдамауыңыз қажет.  Teacher Talking Time мәселесіне көп мән беріңіз. Шын мәнінде жақсы мұғалім тақырыпты түсіндіруге емес, сіздің жаттығуларды түсініп орындауыңыз үшін көбірек уақыт жұмсайды. Скайп арқылы мұғалімді мына жерден іздеуге болады. Егер, сіз тілді оқытушы емес, тіл үйретушімен (носитель языка) бірге үйренгіңіз келсе, mylanguageexchange.com сайтына кіріңіз.

Менің тіл үйренуге құлқым жоқ. Бірақ, үйренуге тиіспін. Не істеу керек?

Ағылшын тіліндегі өзіңізге қызықты бір нәрсені табыңыз (мысалы, өзіңізге қызықты пәнге қатысты қандай да бір ағылшынша онлайн-курсқа қатысыңыз). Өзіңіз жақсы көретін нәрсені білу үшін сізге тілді еріксіз меңгеруге тура келеді. 

Мұндай курстар Coursera,EdxFutureLearn сайттарында бар. MOOC (Massive Open Online Course) – бірнеше аптаға жоспарланған курс. Онда сіз міндетті түрде оқитын материалдар тізімі мен тесттер берілген. Курс басында аптасына неше сағат дайындалу керектігі де көрсетіледі. Бірақ, нақты бір нәтижеге қол жеткізу үшін сізге талмай оқу қажет. Бұдан басқа жол жоқ.             

Материал medusa.io сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға