«Ағасына көмектескен». Бишімбаевтың бауыры қанша жылға қамалады

Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенова ісі бойынша адвокат Жанна Уразбахова бірқатар деректерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нүкеновтер отбасының адвокаты экс министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатқанын айтты.
«Күдіктінің бауырыаса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді. Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр: Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»); Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»), - деп жазды адвокат.
Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралатыны анықталды.
Ал әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев қандай бап бойынша тергеліп жатқанын бүған дейін жазған едік.
