Жаңалықтар

Ағасы қарындасын қылқындырып, шеге қағып өлтірген

Ағасы қарындасын қылқындырып, шеге қағып өлтірген
Фото: © Pixabay.com 10.01.2024 15:35 5590

Ресейдің Челябі облысында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың Тергеу комитетінің мәліметінше, салдарынан 15 жасар қыз бала қайтыс болды. Ал оны өлтірген 19 жастағы немере ағасы болып шықты.

Белгілі болғандай, ағалы-қарындас арасында кикілжің туындап, ол адам өліміне әкеп соққан.

Қыздың денесі Карталинск ауданының Татищево ауылындағы Мәдениет үйінен табылды. Тергеу дерегінше, ұрыс-керіс барысында жігіт қарындасын қылқындырып, сонан соң сол жерде жатқан шегемен қағып тастаған.

Қазір күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға