Жаңалықтар

«Аға өлсе – жеңге мұра, іні өлсе – келін мұра». Әмеңгерліктің мәнісін дұрыс түсініп жүрміз бе?

«Аға өлсе – жеңге мұра, іні өлсе – келін мұра». Әмеңгерліктің мәнісін дұрыс түсініп жүрміз бе?
Фото: © Pixabay.com 29.11.2023 17:21 19438

Соңғы кездері ақпарат құралдарында Түркістан облысының Бәдібек ауданының тұрғындары Жеңіс Сейдеханов пен оның келіні Сандуғаш Садық қазақтың көне дәстүрі әмеңгерлік жолмен отау құрғаны жиі талқылана бастады. Осы ретте әмеңгерлік дәстүрін біз дұрыс түсініп жүрміз бе? Сол сұраққа жауап іздеп көрсек.

Бізде «Аға өлсе – жеңге мұра, іні өлсе – келін мұра» деген мақалға айналған нақыл бар. Мұның негізгі мәні күйеуі өлген жеңгені ағасының мұрагері есебінде қайнысы алады немесе күйеуі өлген келінін қайнағасы алады деген сөз.

Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан қағидаға айналып, заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген. «Жеті жарғы» нормаларында ері қайтыс болған жесірдің елден кетпеуін, күйеуінің қандас туыстарының біріне күйеуге шығуын міндеттеген. Қаза тапқан еркектің туған-туыстары жесір әйелдің әмеңгері деп аталған. Қазақ қоғамында әмеңгерліктен бас тарту сирек кездескен, ол өзінің туысының жетім қалған балаларына, яғни, өзінің қандас іні-қарындастарына мейірімсіздік, жаны ашымастық ретінде бағаланған. Ал әйел әмеңгерліктен бас тартса, оған бала да, мал-мүлік те берілмей, тек өз қалауымен күйеуге шығу еркі ғана берілген.

«Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының Ислам шариғатымен үйлесімі» кітабында кесі өлген жас балаларға жетімдік көрсетпеу үшін, әсіресе, олардың жас шешесі бөтен елге кетіп, мал-мүлікті бөтенге олжа, жас балаларды жат бауыр етсізбеу үшін жесірді ешқайда жібермей, жақын әмеңгерді иемденуге тырысаьыгы эахыдғагү

Жесір әйелге күйеуінің барлық туыстары әмеңгер болып есптеледі. Бірақ олардың құқы туыстық жақындығына байланысты болады. Ең алдымен күйеуінің бірге туған аға, інісі, ағасының баласы, немере, шөбере туыстары, одан қала берді аталас жақындарының жесірге иелік етуге әмеңгерлік қақы болатын. Күйеуі өлген жесір әйелді алудың толып жатқан тәртібі бар.

Әмеңгерлік әдет – күйеуі өлген әйелдердің барлығына бірдей жүреді. Күйеуі өлген әйел, қайтыс болған ерінің жылы өткізілген соң күйеуінің бірге туған аға-інілерінің біріне немесе басқа жақын туыстарына тұрмысқа шығады. Дәстүр бойынша жесір қалған әйел ең алдымен күйеуінің ағасына тұрмысқа шығуы керек. Ал егер әйел қайнағасына емес, қайнысына тұрмысқа шыққысы келсе, оған қарсылық жасалмайды, бірақ, жеңге алған інісі ағасына жолы деп тоғыз бас мал беретін болған. Жесір тұрмысқа әмеңгерлік жолмен шыққысы келмесе оған ешкім қарсылық жасамайды, бірақ бөтен адамдармен байланыспауын қатаң қадағалайды. Сонда да жесір басқа біреуге тұрмысқа шыққысы келсе, оған тыйым салмағанмен, мал-мүліктен етшеңе бермеумен ғана шектелмей, оның тиетін күйеуінен толық қалыңмал алады. Бұдан кейін жесірдің ең алдымен қайнағасын, қала берді қайныларына еркімен тұрмысқа шыға алады.

Баласыз қалған жесірдің күйеуінің туған немере, шөбере туыстарына өз еркімен шығатын және мұндай әмеңгерлер болмаған күнде бөтен біреуге шығуына да қарсылықтың болмайтын. Баласы бар жесір әйел тұрмысқа шықпаймын десе, оған зорлық болмайды. Егер ұл бала болмай, тек қана ылғи қыздар болса, туысының ер баласын бауырына салып, асырап алады. Әмеңгерлік жолмен тұрмысқа шыққысы келмей, басқа біреуге тұрмысқа шығуды қалаған жесірді шама келгенше жібермеуге тырысады. Кейбір жағдайларда зорлықпен қосуға тырысатын жағдайлар орын алған.

Бірақ, бүкіл халық осылай зорлап қосатын еді деген дерек ешқандай шындыққа жанаспайды. Себебі, дінімізде екі тараптың ризалығынсыз неке жарамсыз болады. Мұны ескерген бабалармыз, әмеңгерлік жолмен неке қияр тұста да екі жақтың келісімін басты назарда ұстаған. Мұндай мәселелер жесір әйелдің өз пікірін еске ала отырып, ағайынды адамдардың арасындағы ақылкеңестің нәтижесінде, күйеуі өлгеннен кейінгі бір жыл ішінде шешілетін. Егер жасы келіп қалған әйел ешкімге шыққысы келмесе, күйеуінің түтінін түтетіп отыра бергісі келсе, оған қарсы болмайтын. Мұндайда жесір әйелді ұстап тұрудың бір жолы деп әмеңгерінің бір баласын беріп, сырттай қамқорлық жасайтын. Байқап отырсақ осыншалықты дәстүрдің барлығы, заң-ережелердің бүкілі әйел адамның арнамысын қорғау, жетімдерді далаға телміртпеу екені ұғынылады. Бұл дініміздің ең басты қағидаттарының ішінде орын алады.

Ардақты пайғамбарымыз – жетімдерге әке бола білген абзал адам. Тіпті пайғамбарымыздың көп әйелге некелесуінің түбінде осындай хикметтер жатыр. Яғни, күйеуі майданда мерт болған жанның отбасына, бала-шағасына қамқорлық көрсетіп, дұрыс тәлім-тәрбие беру. Осының барлығын егжей-тегжейлі зерттеп-зерделеген бабаларымыз, әмеңгерлік деген атаумен мұны қатаң ұстанған. Тіпті, қазақ ғұламалары Тәуке ханның тұсында қабылданға «Жеті жарғы» заңдарының ішінде ері қайтыс болған жесірдің елден кетпеуін, күйеуінің қандас туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті екені көрсетілген дейді. Бұл бір жағынан қоғамдағы береке мен бірліктің көрінісі болса, екінші жағынан жетім балалардың бетімен кетпеуін, жесір қалған әйелдің тұрмыс қысқан, тапшылыққа ұрынған сәттерінде басын тау-тасқа ұрып бұзылып кетпеуінің алдын алу болып саналады.

Әмеңгерлік жолмен бауырының баласына әке болған адам үшін ол балдырған – өз перзентімен бірдей. Өйткені өз қаны, өз бауырының көзі! Тағдыр қосқан жұбайын да, қанатының астына алған балапанын да ол басқа кез-келген еркек атаулыдан артық бағыпқағады! Себебі, Құдайдан қорқады, үлкендерден именеді әрі бауырының әруағынан ұялады! Міне, бабалар дәстүрі дүние мен ақыреттің мәселелерін осыншалықтың даналыққа сай реттеп отырған. Мұның барлығына өлшем беріп, ынталандырып отырған ардақты пайғамбарымыздың мынадай хадистері болса керек: «Кім Құдай үшін деп, бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиген әрбір шашындай сауапқа ие болады», «Жесір мен жетімге көмектесу – Алла жолында жиһад жасағанмен тең», «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін еңбек еткендер – Алла жолында жиһад жасап, түні намазбен, күндігі оразамен өткен адам секілді...»

Мен әмеңгерлік салтын құптаймын. Кеңес өкіметі ғасырлар бойы сыннан өткен ұлттық құндылықтардың ішкі қуатын, қадір-қасиетін өңін айналдыра көрсетіп, феодалдық қоғамның сарқыншақтары деп сынағаны белгілі. Бұл саяси көзқарас ұлтты төл мәдениетінен жеріндірді. Қазір бізді ұлттық салт-дәстүріміздің шашауын шығармай, ұлт ретінде қалай сақталып қаламыз деген сұрақ толғандыруға тиіс. Әйтпесе, мынау жаһандану қазақты жұтып жіберуі мүмкін. Ата-бабадан келе жатқан құндылықтарын дәріптеген ұлт қана өзін-өзі сақтап қалады. Әмеңгерліктен шошып, асау ат сияқты тулаудың қажеті жоқ. Өздеріңіз сараптап көріңіз. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары Абай, Қаныш – әмеңгерліктің жемісі. Құнанбай атамыздың қайтыс болған туған інісі Құтпамбеттің (Құлмұханбет) атастырылып қойылғанмен «қыздай жесір» қалған Ұлжан анамызды алып, отау көтергенін мысалға келтірсек болады. Бұл некеден Абайдай алып дүниеге келді. Сол секілді Қаныш Сәтбаев та Имантайдың екінші әйелінен туған екен. Әмеңгерлік тектілікті тұғырдан тайдырмай, қайта халықпен жасасып, оның тарихына өшпес із қалдырады, – дейді тарихшы Дәулет Қожақов «Орталық Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.

Әдеби деректерде қазақ арасындағы әмеңгерлік туралы ең алғашқы мәлімет қапитан Иван Андреевтің еңбегінде кездеседі. Онда «Өлген күйеуінің жылын өткізген соң, әйел күйеуінің бірге туған аға-інілерінің біріне немесе басқа жақын туыстарына тұрмысқа шығады» делінген. Бұдан гөрі толығырақ дерек 1824 жылы қазақтың әдеттік құқы жайында Омбының уақытша комитеті жинаған материалдарда бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға