Жаңалықтар

АЭС-тің қай жерге салынатыны анықталды

АЭС-тің қай жерге салынатыны анықталды
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова 25.02.2025 15:00 194

Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Атом электр станциясы» ядролық қондырғысының құрылысы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген құжатта.

Қаулы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға