АЭС салуды 72,3% қатысушы қолдады - Exit Poll

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
07.10.2024 00:24
581
6 қазан Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауалнама барысында 600-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды.
Экзитполға 44 160 азамат қатысты.
Сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды.
Экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап берді.
Қарама-қарсы пікір білдіргендер 27,7%-ды құрады.
Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде сауалнаманы арнайы Exit Poll жүргізу технологиясын меңгерген интервьюерлер жүргізді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Референдумның алғашқы exit-poll нәтижесі жарияланды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды