Жаңалықтар

АЭС салу жөніндегі референдум: министрлік тапсырманы егжей-тегжейлі пысықтайды

АЭС салу жөніндегі референдум: министрлік тапсырманы егжей-тегжейлі пысықтайды
Фото: Энергетика министрлігі 01.09.2023 23:09 938

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдауы барысында атом электр станциясын (АЭС) салу немесе салудан бас тарту мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, Парламент депутаттарымен, осы саладағы сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірлесе, жақын арада Президенттің тапсырмасын іске асыру бойынша барлық мәселелерді жан-жақты қарап, өзге де аспектілерді пысықтайды және бұл жұмыстар туралы жұртшылықты ақпараттандыратын болады.

Сондай-ақ, халықтың дауыс беруіне шығарылатын мәселенің тұжырымдамасын анықтауы керек. Референдум өткізу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Менің ойымша, референдум бірінші кезекте қазақстандықтардың осы саладағы технологияларды дамыту қажеттілігі туралы ойларын айтуларына бағытталады, ал Үкімет өз тарапынан қоғамға қолайлы шешімдерді ұсынады, - деп атап өтті Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

2023 жылдың 22 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өткендігі туралы хабарланды.

Жергілікті деңгейде өткен талқылауларда тұрғындар аймақтағы атом энергетикасын дамытуды қолдап, жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жоғары маңыздылығын тигізуге серпін болатынын айтты.

Кейбір қоғам қайраткерлері ашықтық принципін ұстану және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз ету, барлық мүдделі тараптардың пікірлері мен мүдделерін ескеру мақсатында басқа да жақын аймақтарда қосымша талқылаулар өткізу туралы бастама көтерген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға