Жаңалықтар

«АЭС салу – жалғыз дұрыс шешім». Еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етудің жолы айтылды

«АЭС салу – жалғыз дұрыс шешім». Еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз етудің жолы айтылды
Фото: t.me/KZgovernment 27.08.2024 10:46 405

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом энергетикасын дамыту үшін елімізде барлық қажетті жағдай бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр станциясын салу шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім екенін жеткізді.

Қазіргі кезеңде атом электр станциясына балама жоқ. Бүгінгі таңда әлемде орнатылған қуаты 374 ГВт болатын 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Олар әлемде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 10%-ын қамтамасыз етеді. Салу кезеңіде – 61 реактор, оның ішінде тек Қытайда – 27 реактор бар. Атом энергетикасын дамыту үшін бізде барлық қажетті жағдайлар бар екенін атап өткен жөн. Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында және іс жүзінде толық ядролық-отын цикліне ие, – деді энергетика министрі.

Сондай-ақ министр қазіргі уақытта атом энергетикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін жатқан ұлттық ядролық орталық пен ядролық физика институтында зерттеу реакторлары жұмыс істейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға