Жаңалықтар

АЭС салу туралы шешім серпінді жоба екені сөзсіз – Қошанов

АЭС салу туралы шешім серпінді жоба екені сөзсіз – Қошанов
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 04.09.2024 10:48 859

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атом электр стансасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні ең көп талқыланып жатқан мәселе – атом электр стансасын салу мәселесі. Атом электр стансасын салу туралы шешім серпінді жоба екені сөзсіз. Бұған оң халықаралық тәжірибе айқын дәлел бола алады. Бірақ аталған мәселені түпкілікті шешу үшін бүкіл қоғамның бірігуі қажет. 6 қазанда өтетін референдумда халық өз шешімін қабылдайды. Барлық депутат президенттің осы прагматикалық идеясын қолдап, жұртшылыққа дұрыс жеткізеді деп сенемін, - деді Қошанов.

Ерлан Қошанов президенттің әр жолдауы алға деген сенімді ұмтылыс екенін атап өтті.

Бұл – мемлекет басшысы әу бастан белгілеп берген ауқымды мақсаттарға жетуге  бағытталған жүйелі қадамдар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық, саяси және идеологиялық салаларды үйлесімді реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары дәйекті жүзеге асырылуда. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін бізге әр депутаттың, әрбір фракцияның қажырлы еңбегі қажет.Сондықтан біз бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Сонымен қатар Мәжілісте қалыптасқандай,  талқылаудың бәрі жұртшылықты, сарапшыларды барынша тарта отырып, ашық өтуге тиіс екенін айтқым келеді, - деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға